20 миллионыншы тұрғындарға ерекше туу туралы куәлік беріледі
17 қараша 2023 5:22 / Новости Казахстана
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындарына ерекше туу туралы куәлік берілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Министр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"20 миллион! Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетті.Ұлытау, Атырау, Ақмола, Түркістан мен Жетісу облыстарында еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келді. Бес балаға еліміздің 20 миллионыншы азаматы екенін айғақтайтын арнайы туу туралы куәліктері дайындалды", - деп жазды Мусин.
"Осыдан 16 жыл бұрын үлкен қызымыздың туу туралы куәлігін қалай алғанымызды, ол үшін көптеген құжат жинап, кезекте тұрғанымыз есіме түсті. Ал өткен жылы кенже баламыз дүниеге келгенде, жұбайым туу туралы куәлікті eGov mobile қосымшасын пайдала отырып, бір хабарлама жіберу арқылы алған еді. Бұл процесс сөзсіз, ата-аналардың уақытын айтартықтай үнемдейтінін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға септігін тигізетінін атап өткен жөн", - дейді министр.
Мусиннің айтуынша, министрлік туу туралы куәлікті алу қызметін 4-30 күннен 5 минутқа дейін қысқартып, оны онлайн форматқа ауыстырды.
2 қараша 2026 13:11 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
2 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
2 қарашада ауа райы қандай болады?
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана