Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді

30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегін анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жаңаөзен қаласының Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке база аумағында ер адам ұсталды. Тінту барысында мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің шығу тегі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары