22 жастағы қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

22 сәуір 2026 10:23 / Новости Казахстана

22 жастағы қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды. Жақындары оған қандай айып тағылғанын білмей отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстаннан Дубайға ақша табуға кеткен Ернұр Алмахан туыстарына шалған соңғы қоңырауларының бірінде өзіне жала жабылғанын айтқан.

Сыртқы істер министрлігі растап, оған ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отырғанын хабарлады. Қандай бап екені белгісіз.

Анасы Нұргүл Алмаханованың айтуынша, ұлы 2024 жылы кеткен. Қандай жұмыс істейтіні туралы сұрағанда, «барғанда бастығым тауып береді» деп жауап берген. 2024 жылдың 31 желтоқсанында жаңа жылмен құттықтағаннан кейін хабарсыз кеткен.

Анасы ұлының жазықсыз сотталып кеткенінен қауіптеніп, Президенттен көмек сұрады. Көз жасына ерік берген Нұргүл ханым “Егер кінәлі болса, жазасын Қазақстанда өтесін”, – дейді.

Серіктес жаңалықтары