28 мамырға арналған ауа райы болжамы

28 мамыр 2025 9:35 / Новости Казахстана

Циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің шығыс бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arbat.media.

Республикамыздың басқа аймақтарында күн ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде жел соғуы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікте және шығыста түнгі және таңңғы уақытта тұман түседі.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында 2-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +22+24°С, желдің жылдамдығы 9-14, кейде 15-18м/с-ке жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +21+23°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашын болады. Ауа температурасы +26+28°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары