7 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауады. Ал солтүстік және шығыс аумақтарда нөсер жауынмен бірге бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазгидромет мәліметіне сәйкес, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндіз Алматы облысында 35°C, Ұлытау облысында 35-37°C, Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде 35-37°C, Қызылорда облысында 40°C қатты ыстық болады.
Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, түнде желдің жылдамдығы 2-9 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.