Қазақстандық танымал актер көз жұмды

3 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана

Қазақ театр және кино актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкіров дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаралы хабарды Асқар Тоқпанов атындағы театр ұжымы жариялады.

«Қазақ өнерінің абыз ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкірдің дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Мұқан Шәкіров Отырар ауданының Балтакөл ауылында дүниеге келген. Өнер жолын кездейсоқ бастаған актер алғашында Шымкенттегі облыстық театрға сахна декорацияларын құрастырушы болып жұмысқа орналасқан. Кейін актерлік қабілеті байқалып, шағын рөлдерге шақырыла бастаған.

1967 жылы белгілі режиссер Асқар Тоқпановтың кеңесімен Алматыдағы консерваторияның театр бөліміне оқуға түседі. Оқуын аяқтаған соң Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Талдықорған театрында еңбек еткен. Ал 1981 жылы Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы драма театрына ауысып, шығармашылық жолын осы сахнада жалғастырған.

Серіктес жаңалықтары