8-сынып оқушысы әкесінің көлігін ұрлап, көшедегі қызды қағып кетті
12 тамыз 2025 9:35 / Новости Казахстана
8-сынып оқушысы әкесінің көлігін ұрлап, көшедегі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Маңғыстау облысында 8-сынып оқушы көлік тізгініне ие бола алмай, адам қағып кетті. Ол ата-анасының көлігін ұрлап кеткен.
Жол апаты 25 шілде күні таңғы алты шамасында болған. Газель жүк көлігіндегі адам жаяу жүргіншілер жолына шығып, қызды қағып кеткен. Кейіннен жүк көлігін 15 жастағы оқушы айдағаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, ол көлікті ата-анасынан ұрлап кеткен.
Зардап шеккен 2011 жылы туған қызға шұғыл ота жасалды. Ол бес күн жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Жәбірленуші қыз түтік арқылы тамақтанады және денесін қозғалта алмайды.
Көлік тізгіндеген жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды.
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана