Абай атындағы мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 44 жұмысты қарады.
Құрамына еліміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдері кіретін комиссия мүшелері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.
Т