Абай облысында тасқында жоғалған 3 адамды іздеуге тікұшақ шықты

27 наурыз 2024 21:18 / Новости Казахстана

Абай облысында тасқын су үш адамды ағызып кетті. Аягөз ауданында сүңгірулер суға кеткен малшы мен екі тракторшыны іздестіріп жатыр. Олар қызыл су лап қойғанда қашып үлгермей қалған. Сондай-ақ аталмыш аудандағы көпір де топан суға шыдас бермеді. Ал Жарма, Жаңасемей ауданында жұрттың қора-қопысысы суға көлкіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аягөз ауданында тасқын үш адамды ағызып кетті. Арыны қатты қызыл су Аягөз - Бозай тасжолындағы көпірді қиратқан. Ал топан суды кешіп өтпек болған тактор төңкеріліп қалған. Ішіндегі жүргізушісі мен жолаушысы ұшты-күйлі жоқ. Сондай-ақ тағы бір малшы суға ағып кетті деген болжам бар. Сондықтан құтқарушылар лай судан үш адамды іздестіріп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Abai Oblysynyn Akimdigi (@abai_oblysynyn_akimdigi)

«Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да көмекке келіп жатыр. Су түбінің лай болуы және ағынның қаттылығы сүңгуірлерге кедергі келтіруде», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары