Қызылорда облысында такси жүргізушісі шетелдіктерге жолақысын қымбаттатып жіберген

28 қазан 2026 17:57 / Новости Казахстана

Шетелдік сахатшылар Арал ауданында такси жүргізушісінің жолақысын жөн-жосықсыз қымбаттатып жібергенін видеоға түсіріп таратқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Видео желіге шыға салысымен, полиция дереу әрекетке көшті.

Полиция жүргізушінің 50 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.

Ол тұтынушылар құқығын бұзғаны және кәсіпкер ретінде ресми тіркелмей қызмет көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

Жүргізушіге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары