Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді

30 желтоқсан 2023 15:23 / Новости Казахстана

Әділет министрлігі Адай жылқысының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media

2023 жылдың 28 желтоқсан күні Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.

Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәлендіретін патент берді. Ал бүгін патент беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.


Серіктес жаңалықтары