Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды

13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы, авиация генерал-майоры Тимур Еспағанбетовті ұстады,деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол едәуір мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Бұдан бөлек, Hronika.kz мәліметінше, институт бастығының орынбасары, авиация полковнигі Расул Исахожаев та ұсталған. Ол көп мөлшерде пара берді деген күдікке ілініп отыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар коммерциялық компаниялардың бірінің өкілдерімен байланысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты – Орталық Азиядағы Қарулы күштер мен өзге де күштік құрылымдарға авиация мамандарын даярлайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны.

Серіктес жаңалықтары