Ағайындылар полицейді ұрғаны үшін сотталып кетті

29 сәуір 2025 16:07 / Новости Казахстана

Полицейді ұрған екі ағайындыға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Айыптылар полицейді ұрғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Бурабай аудандық соты Е.және О. ағайындыларды билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген айыппен айыптады. Сот үкімімен Е. және О. пробациялық бақылау белгіленіп, әрқайсысына үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу тағайындалды», - деп хабарлады Ақмола облысы соттары.

Соттың мәліметінше, полиция қызметкері азаматтардың көлігін тоқтатып, құжаттарын сұраған. Ер адам құжатын беруден бас тартып, аты-жөнін де дұрыс айтпаған. Жеке басы анықталғаннан кейін ер адамның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Хаттаманы ресімдеу кезінде екі ағайынды полицейді жұдырықпен ұрып, қашып кетті. Сараптама полицейдің миы шайқалғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары