«Air Astana» Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстер ашады

16 қараша 2026 11:30 / Новости Казахстана

Алматыдан рейстер 10 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал Астанадан ұшақтар 11 желтоқсаннан бастап сейсенбі мен жұма күндері ұшады. Барлық бағыттар бойынша A321 жайлы әуе кемелері қолданылады. Бұған дейін Шарм-эль-Шейхке рейстер тек чартерлік бағдарламалар аясында ғана жүзеге асырылып келген.

Алматыдан ұшу уақыты 7 сағат 30 минутты, ал Астанадан 6 сағат 55 минутты құрайды. Билеттің барлық алымдарды есептегендегі ең төменгі құны эконом-класта екі қаладан да 283 мың теңгеден басталса, бизнес-класта Алматыдан 597 мың теңгеден, Астанадан 588 мың теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары