Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

16 қараша 2026 10:21 / Новости Казахстана

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген 2027 жылғы The Muslim 500 тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Рейтингті Иордания астанасы Аммандағы Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы әзірлеген. Тоқаев “Саясат”, ал Димаш “Өнер және мәдениет” санатында аталған.

Тізімдегі алғашқы 50 тұлғаға нақты орын берілген. Қалған қатысушылар қызмет саласына қарай топтастырылған. Олардың арасында дін өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар мен өнер адамдары бар.

Порталдың жазуынша, биыл бірінші орынды бес адам бөліскен. Олар – Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман, Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф, фельдмаршал Асим Мунир және Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған. Сондай-ақ алғашқы бестікте Моджтаба Хаменеи мен Иордания королі Абдалла II аталған.

Серіктес жаңалықтары