«Әкем – нашар адам»: Бишімбаевтың қызы Нүкеноваға хат жазған

2 сәуір 2024 11:33 / Новости Казахстана

2 сәуір күні Қуандық Бишімбаев алғаш рет сот залында қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Бұған дейін ол түсініктеме беруден бес рет бас тартқан. Түсінік беру барысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында біршама түсінбеушілік болғанын, оған да Салтанат кінәлі екенін айтқан еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін көп ұзамай бұл оқиғаның ойдан құралғаны анық болды. Назым Қаһарман әлеуметтік парақшасында Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды.

Оның айтуынша, марқұм Нүкенова екеуінің арасында ешқандай түсінбеушілік, агрессиялық хат алмасулар болмаған.

Бұл туралы тіпті ол Салтанат Нүкеновамен алғашқы әрі соңғы рет хат алмасқан фото-скринін салып, шындықты жайып салды.

Әйелдердің смс жазбасынан олардың өте жылы қарым-қатынаста екенін байқауға болады.

Назым Қаһарман марқұм Салтанаттың тек өзіне емес, балаларға да өте жақсы қарым-қатынаста болғанын.

Арада бес ай уақыт өтсе де, қызының әлі де Салтанаттың қайтыс болғанына сенбей, оған хат жазып жүргенін айтып, қызының Салтанатқа жіберген хатын көрсетті.

«Мен қатты сағынып жүрмін. Әкем – нашар адам. Әйелді ұру – сұмдық әрі ұят! Сізді жақсы көремін», делінген смс хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары