3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады

29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана

«Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңі бойынша өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл кезеңге 20 млрд теңге көзделген. Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.

Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге. Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 14,8%. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін.

Отбасы банк осы уақытқа дейін бұл бағдарлама аясында 420 несие берді.

Серіктес жаңалықтары