Алакөлде 17 жастағы жасөспірім адамдардың көз алдында суға батып кетті
7 тамыз 2025 15:11 / Новости Казахстана
Абай облысына қарасты Жарбұлақ ауылы жағындағы Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сүйенсек, паром маңында шомылып жүрген жігіт құтқару желетін кимей суға түскен. Біраз уақыттан кейін ол суға бата бастаған. Жігітті байқаған басқа бір демалушы оған жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт құтқарушыны да суға тартқан.
Нәтижесінде жігіт су астынан шыға алмай, көптің көз алдында көз жұмды.
Осы факті бойынша Абай облысының полициясы 32 жастағы қайық иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсетті деген күдікке ілінді.
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана