Алакөлде жағалауды су шаю қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

14 қыркүйек 2025 11:32 / Новости Казахстана

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің демалыс аймағында жағалауды су шаю қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Мақаншы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" құжатта көрсетілген ақпаратқа сәйкес, Абай облысы Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округі, Алакөл көлінің демалыс аймағында демалыс үйлерінің ғимараттары орналасқан жағалауды шаю, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне материалдық залал келу қаупі туындауы мүмкін.

"Осы негіздерге сүйене отырып жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Алия Нұрышқызы Сарбаева тағайындалсын.

Абай облысы "Мақаншы ауданы әкімінің аппараты" мемлекттік мекемесінің аппарат басшысы Нұрсұлтан Советбекұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын іс-шаралар жүргізсін", - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары