Алаяқтар ҚР премьер-министрінің атынан жалған мәлімдеме таратуда

24 желтоқсан 2023 12:45 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желілерде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы айтқан видео тарап жатыр. stopfake.kz мәліметінше – бұл фейк, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Видеода Қазақстанда «ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі» комитет құрылғаны айтылады. Бұл – жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес. Алаяқтар аталған жарнаманы алданған адамдарға көмектесеміз деп таратып жатыр. Алайда кейін ақшаны «қайтару» қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, алақол инвесторлар иемденген ақшаны қайтару үшін тағы да ақша төлеу керек болады.
Осылайша алаяқтарға бір кездері алданған адамдар тағы да құрыққа түседі», - делінген мәліметте.

Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тарағаны анықталды. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған.

Серіктес жаңалықтары