Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас есепшісі 34,8 млн теңгені жымқырған

12 қараша 2026 18:31 / Новости Казахстана

Атырауда «ҚазАвтоЖолға» қарасты «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының бас есепшісі 34,8 млн теңге жымқырған. Атырау көлік прокуратурасының мәліметінше, бас бухгалтер ұйымның қаражатын заңсыз иемдену үшін жалған төлемдер есептеп, ақшаны өзінің жеке банктік шотына аударып отырған,деп хабарлайды Arbat.Media.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Атырау қаласының №2 соты айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сот ұйымның материалдық шығынды өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары