Әлеуметтік желі арқылы террорлық әрекетке шақырған 6 адам ұсталды
Елімізде бір айда 6 діни ағымдардың жақтастары ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді әлеуметтік желі арқылы насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған.
Тергеудің болжамы бойынша, ұсталғандар адамдарды діни негіздегі шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырған.
Тінту барысында олардан атыс қаруы мен көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.
Сот санкциясымен 6 күдікті қамауға алынды.
Сонымен қатар, 3 қарашада терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.