Алимент және несие қарызы барларға құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі

27 наурыз 2024 18:00 / Новости Казахстана

Қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ойын бизнесі туралы заң жобасын таныстыру кезінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі. Яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде мәліметтері бар 25 жасқа дейінгі жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге жіберуге тыйым салу белгіленеді», - деді Е. Бейсенбаев.

Депутат қарыздары бар адамдардың тиісті тізімі қамтылған сайт бар екенін еске салды.

«Мәселен, банкке барып, несие рәсімдеу кезінде әр адамның кредит алу деректері қарастырылады. Дәл солай борышкерлер туралы ақпарат жүйеде бар. Қарызы бар адам өзінің картасы (құмар ойынға) арқылы төлем жасамақ болса, оның төлемдеріне шектеу қойылады», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары