Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды

26 қаңтар 2024 22:02 / Новости Казахстана

Алматыда қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жедел медициналық көмектің қосалқы станцияларына судай жаңа 55 жедел жәрдем көлігін табыс етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«В» класына сәйкес келетін санитарлық автокөліктер әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған: реанимациялық жабдықтар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, жасанды тыныс алу аппараттары және т.б.

Алматы қаласында жедел медициналық көмектің 12 қосалқы станциясы бар. 55 көлік барлық аудандық қосалқы станцияға таратылады. Күн сайын желіде 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп, 3 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетеді.

2023 жылдың соңында жедел жәрдем бригадалары 1 миллионнан астам шақыруды қабылдады. Қоңыраулардың 93%-ы 1-3 санат бойынша уақтылы келумен қамтамасыз етілген. Жедел жәрдем көліктері 69 пайыз тозған еді.

2023 жылы әкімдік жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, цифрландыруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, симуляциялық орталықтың жабдығы мен үлгілерін сатып алуға, қызметкерлерді нысанды киіммен қамтамасыз етуге, медициналық құрал-жабдықты (дистанциондық ЭКГ, оттегі ингаляторы) сатып алуға мүмкіндік беріп, қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша сатып алынған санитарлық автокөліктерге уақтылы техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылды.

2024 жылға 4 қосалқы станса құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеу және 3 қосалқы стансаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.

Жедел жәрдем қызметін дамытудың 2028 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындардың тығыздығы мен қаланың дамуын ескере отырып, 12 жаңа қосалқы станса салу жоспарланған.

         ФОТО: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Серіктес жаңалықтары