Алматы әкімдігінің қызметкерлеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды

1 наурыз 2024 12:23 / Новости Казахстана

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылыққа жол берген құрылымдық бөлім қызметкерлері 161 айыппұл арқалады. Олар өтеу керек қаржының жалпы сомасы - 43.3 миллион теңге, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қалалық прокуратура заң бұзушылық белгілері байқалған 10 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын конкурстарды тоқтатқан.

«Тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауар, жұмыс және қызметті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша тең бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық беріп, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өкілдерін конкурстан шектеген», делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу барысында Алматы қаласындағы ауданның бұрынғы әкімі де заң талаптарын ескермегені анықталды.

«Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда лицензияның болуына қарамастан, тапсырыс беруші олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған. Өтініштер тәртіп бойынша қаралғанда 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді. Анықталған құқық бұзушылықтар негізінде тұлғаға 9.2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары