Алматы әкімі «Қайрат» футболшыларын тарихи жеңісімен құттықтады
27 тамыз 2025 14:14 / Новости Казахстана
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубының "Селтикке" қарсы ойынындағы тарихи жеңісінен кейін футболшыларды құттықтап, мегаполисте салынатын стадион туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубын тарихи жетістігімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.
"Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылықтар үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш.
Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін.
Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы Қазақстан футболының дамуына тың серпін беретіні анық", - деді қала әкімі.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана