Алматы әуежайында канадалық азамат шу шығарды
21 мамыр 2026 15:35 / Новости Казахстана
Алматы халықаралық әуежайында шетел азаматының қатысуымен жанжал шықты. Оқиға «Алматы – Франкфурт» бағытындағы рейске тіркелу кезінде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көлік полициясының мәліметінше, ер адам әуежайдағы анықтама бөлімінде өзін дөрекі ұстап, айналасындағыларға балағат сөздер айтқан. Кейін ашуға булыққан жолаушы шыны витринаны жұдырықпен ұрып, әйнек сынықтары қызметкерлер тұрған жерге құлаған.
Оқиға салдарынан ешкім жарақат алған жоқ.
Тәртіп бұзған адамның Қазақстанда тұратын 32 жастағы Канада азаматы екені белгілі болды. Ол Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан компаниялардың бірінде жұмыс істейді.
Полиция оған әкімшілік хаттама толтырып, шамамен 130 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
2 қазан 2026 18:11 / Новости Казахстана
Алматыда ер адам анасын ұрып, қолын байлап тастаған
2 қазан 2026 17:22 / Новости Казахстана
Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды
2 қазан 2026 16:16 / Новости Казахстана
Berlin Today: Тоқаев президенттігінің жеті жылында Қазақстан қалай өзгеруде
2 қазан 2026 15:35 / Новости Казахстана
Роза Рымбаеваның келіні қуанышты жаңалығын айтты
2 қазан 2026 14:24 / Новости Казахстана
Иран қазақтары қаза тапқан сарбаздарға құран оқып, дұға етті
2 қазан 2026 13:32 / Новости Казахстана