Алматы облысының жолдарын камерасы бар патруль көліктер бақылайды
13 қаңтар 2024 9:26 / Новости Казахстана
Алматы облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform жариялады.
Алматы облысында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатылған.
«Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған», - деп атап өтті Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды, алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.
3 қараша 2026 18:25 / Новости Казахстана
113 капсула есірткі жасырып, Қазақстанға алып өтпек болған ирандық жігіт 10 жылға сотталды
3 қараша 2026 17:30 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты
3 қараша 2026 15:36 / Новости Казахстана
11 банктің несие беру тәртібі тексеріледі
3 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
Қазақстандық танымал актер көз жұмды
3 қараша 2026 13:28 / Новости Казахстана
Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды
3 қараша 2026 12:15 / Новости Казахстана