Алматыда 13 туысқанның істеген сұмдығы елдің жағасын ұстатты

28 мамыр 2025 20:32 / Новости Казахстана

Прокуратураның үйлестіруімен Алматы Полиция департаменті айыпталушы мен оның 12 туысына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған.Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.

"Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған.Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Еліміз бойынша Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 миллиард теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды.

Серіктес жаңалықтары