Алматыда 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

25 қараша 2023 12:00 / Новости Казахстана

Алматыда мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2023 жылдың соңына дейін 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтты. 

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кемінде 5 787 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарда. Оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан 185 көпбалалы отбасы, 216 халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері және 1050 жұмыс істейтін жастар арендалық баспана алады.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың жалдамалы пәтер қарастырылған. Қазіргі уақытта оларды сатып алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін 1236 отбасы несиелік баспана алса, кем дегенде 1100 отбасы үймен қамтамасыз етіледі.

Бүгінде мегаполисте тұрғын үй кезегінде 41 885 азамат тұр. Оның 2 417-сі – жетім балалар, 6 378 көпбалалы отбасы, 18 690 адам – халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққандар, 14 399-сы – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және 1 тұрғын үйі апатты деп танылған азамат.

л.

Серіктес жаңалықтары