Алматыда бір отбасының үш әйелі қалта ұрлығы бойынша күдікке ілінді
1 шілде 2026 12:37 / Новости Казахстана
Алматыда полицейлер бір отбасының үш әйелін қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, ұйымдасқан түрде әрекет еткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар базарларда, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын өзге де орындарда ұрлық жасаған.
Олардың олжасына ұялы телефондар, ақша және алтын әшекейлер түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар Алматыда жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексермек.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана