Алматыда кәсіпкерлерге 5 млн теңге грант беріледі

3 қазан 2024 19:39 / Новости Казахстана
Фото: freepik

Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға қатысты конкурс жарияланды. Өтінімдер 14-18 қазан аралығында қабылданады. Ұйымдастырушысы – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. Конкурсқа өтінімдер «Электрондық үкімет» веб порталында орналасқан, «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға беріледі. Конкурстың жалпы бюджеті - 500 млн теңге»,- деп атап өтті Алматы әкімдігінен, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Конкурстық құжаттама 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында қабылданады.

Ұйымдастырушылар аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға алынбайтынын ескертеді.

Байқаудың мақсаты-әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Серіктес жаңалықтары