Алматыда монша кешенінде ірі өрт болды
Алматыда монша кешенінде болған өрт сөндірілді. Өрттің екі қабатты ағаш сарайға және көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Нақтыланған ақпарат бойынша өрт алаңы 380 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше кеешкі сағат 18:00-де Алматылық өрт сөндірушілер жоғары дәреже бойынша Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 85/77 мекенжайында орналасқан монша кешенінде шыққан өртке жіберілді. «Қарбалас уақытта» таулы аймаққа апаратын жолдағы жол кептелісі өрт сөндіру техникасына кедергі тудырған.
Барлау барысында, өрт сөндірушілер екі ағаш құрылысы, ішінара үшіншісі де жанып жатқанын анықтады, оттың көрші ағаш коттедждерге таралу қаупі туындады. Нысан әкімшілігінің айтуынша, келушілер болмаған.
«Дереу жедел штаб орналастырылып, өрт оқпандары енгізілді, аралас тәсілмен судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршауды ұйымдастырды. Кез келген минутта монша кешенінің жанында тұрған ағаш құрылыстар өртенуі мүмкін еді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 77 адам, 19 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды», - деп атап өтті ҚР ТЖМ-да.