Алматыда мопед жүргізушісін қағып кеткен жүргізуші екі тәуліктен бері табылмады
30 қаңтар 2026 15:30 / Новости Казахстана
Алматыда мопед жүргізушісін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған автокөлік жүргізушісі әлі табылмады. Жол апаты 28 қаңтар күні кешкі уақытта Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция басқармасының мәліметінше, белгісіз көлік Сайын көшесімен шығыс бағытта қозғалып, Мұстафин көшесінің қиылысында мопедпен соқтығысқан. Оқиғадан кейін жүргізуші қашып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, мопед жүргізушісінің жағдайы қанағаттанарлық. Алайда, бүгінгі күнге дейін автокөлік жүргізушісінің жеке басы анықталмаған.
Құқық қорғау органдары жүргізушіні анықтау және полицияға жеткізу бойынша жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Аталған дерек бойынша материалдар Бостандық аудандық полиция басқармасының өндірісінде екен.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана