Алматыда тағы бір кемпинг алаңы ашылды
Үлкен Алматы көлінде жаңа кемпинг алаңы ашылды. Аймақта жайлы әрі қауіпсіз демалуға барлық жағдай жасалған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әкімдіктің мәліметінше, туристерді қызықтырар жаңа нүкте «Ғарыш» станциясы жолында көркі көз тартар «Жартасты», «Крошка», «Советов», «Озерный» шыңы сияқты танымал тау бағыты бар Үлкен Алматы көлінде орналасқан.
«Біз тау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, туристер үшін жаңа бағыттар құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, қалқандар орнатылды. Навигациялық стендтерде QR-код бар, онда туристер бағыттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады. Кемпинг-аймақтар туралы ақпарат 2GIS қоса алғанда, картографиялық платформаларға қосылды», – деп атап өтті Алматы қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.