Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй бұзылып жатыр

2 қараша 2024 13:00 / Новости Казахстана
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда салынып жатқан Monblanc тұрғын үй кешені сүріліп жатыр. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, «Ерменсай» шағын ауданындағы, 7-ші бұрылыс, 8-учаскеде орналасқан тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нысанға жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында «MGM Development» ЖШС аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына сәулет–жоспарлау тапсырмасын алмастан, эскиздік жобаны келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, мемлекеттік сараптама, авторлық және техникалық қадағалаусыp бастағаны анықталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

2022 жылы 21 желтоқсанда тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 2023 жылы 25 сәуірде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды сүру туралы талап арыз берілді. 2023 жылы 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты МАЭС-ның нысанды сүру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

– Нысанды сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды, - деп хабарлады басқармадан.

Алматыда өткен жылдың басынан бері 50 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылды.

Серіктес жаңалықтары