Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД мәлімдеме жасады

4 наурыз 2024 12:04 / Новости Казахстана

Қазіргі уақытта жер дүмпуі қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Алматы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырды.

«Алматы қаласының аумағында жер сілкінічсі болды. Үрейге бой алдырмаңыз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін, ғимараттан шығыңыз. Жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сеніңіз. Сирена сигналын естігеннен кейін, құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң, қосымша ақпарат беріледі», - деді Нұрлан Атығаев.

Айта кетсек, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Қалада сирена-дыбыстық сигнал іске қосылды. Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км.

«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз», — деді Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісі Алматыда — 5 балл, Жетісу облысында — 2 балл көлемінде сезілді.

Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы «Жиын» сигналы бойынша көтерілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат жиналып жатыр.

ТЖМ жедел желіні іске қосты.

Серіктес жаңалықтары