Алматыда жүрекке озық — миниинвазивті торакоскопиялық оталар жасай бастады

15 наурыз 2024 11:59 / Новости Казахстана

Жалпы Алматыда жыл сайын жүрекке 500-ге жуық ота жасалады. Енді жүрекке озық — миниинвазивті торакоскопиялық оталар жасай бастады. Бұл сүйек құрылымына зақым келтірместен омыртқа аралық ота жасауға мүмкіндік беретін жүрек ауруын хирургиялық емдеудің ең жақсы әдісінің бірі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған әдіс асқыну қаупін айтарлықтай азайтады және пациенттерді қалпына келтіреді.

Кардиологиялық орталықта әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдығы қолданылады.

"Осы инновациялық әдісті енгізе отырып, біз енді атривентрикулярлық клапандарда (митральды, аорталық) реконструктивті, клапанды сақтайтын отаны, сондай-ақ клапандарды протездеуді жасай аламыз. Біз митральды қақпақшаның пролапсы бар 32 жастағы науқасқа ота жасадық, оған бейнеторакоскопиялық қолдаудың көмегімен митральды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы жасалды", - деп бөлісті кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Мүсірепов.

Ота Новосибирск қаласынан келген тәжірибелі кардиохирург, м.ғ.к. Алексей Пивкинмен өткізілген шберлік класс аясында жүргізілді.

Алматы кардиологиялық орталығының директоры Роза Қуанышбекованың айтуынша, жыл сайын жүрекке 500-ге жуық ота жасалады.

Кардиологиялық орталық миниинвазивті торакоскопиялық отаны белсенді енгізіп, санын да арттыруда. Аталмыш ота хирургиядағы революциялық серпіліс, дәстүрлі отаның баламасы. Науқасты жылдам оңалтып, косметикалық нәтиже береді. Мақсатымыз — жүрек ауруын емдеудің озық тәсілін қолданып, науқасты тез аяғынан тұрғызу, - дейді Роза Қуанышбекова.

Айта кетсек, Алматыда қан айналымы жүйесінің аурулары жиі кездеседі және әрбір үшінші тұрғын осындай аурумен ауырады.

 

Серіктес жаңалықтары