Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды

28 шілде 2026 10:25 / Новости Казахстана

Рысқұлов даңғылында кеше түнде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 35 жастағы әйелдің біраз жері сынып, өзге де жарақат диагнозы қойылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, әйел 27 шілде күні сағат 04:05-те №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан көптеген жарақат, оның ішінде бірнеше сүйегінің сынғаны және жұмсақ тіндерінің зақымданғанын анықтаған.

«Қажетті шұғыл емдеу-диагностикалық шаралары жүргізіліп, сынған сүйектері салынды. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда», деп хабарлады басқарма өкілдері.

Suzuki көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кері бұрылу кезінде қарсы бағытта жүріп келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Серіктес жаңалықтары