Алматыдағы жер сілкінісіне Кемин ошағы себеп болуы мүмкін бе?

5 наурыз 2024 9:23 / Новости Казахстана

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Кемин жарығы туралы нұсқаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Дәулет Сәрсенбаев Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісін бөлек сейсмикалық жағдай деп атады.

«Бүгін болған жер сілкінісінің ошақ координаттарына сүйенсек, бұл жеке сейсмикалық оқиға. Бұл аймақта мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 1990 жылы сол аймақта, сол алаңда тіркелген. 2015 жылы сейсмикалық оқиға болды. Бұл Кемин жарығының оянуы ма, ол бір адамның болжамы. Біз тәулік бойы зерттеу жүргіземіз», - деді ол.

Бұған дейін сейсмолог Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайтынын айтқан болатын. https://kaz.inform.kz/news/bolzham-aldagi-kunder-almatida-zhoykin-zher-slkns-bolmaydi-a19c87/

 

Серіктес жаңалықтары