Алматылықтар жер сілкінісін сезді
29 шілде 2026 14:20 / Новости Казахстана
Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.
Алматы қаласында 2 балл болып сезілген.
Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Қырғызстандағы Қаракөл қаласынан 122 шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
27 қазан 2026 16:40 / Новости Казахстана
Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған
27 қазан 2026 15:40 / Новости Казахстана
Мәслихат сайлауы: Кандидаттарға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
27 қазан 2026 14:37 / Новости Казахстана
Волейболшы қызды басынан ұрған жаттықтырушы жарыстан шеттетілді
27 қазан 2026 12:12 / Новости Казахстана
Қызылордада жасөспірімді өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталды
27 қазан 2026 11:22 / Новости Казахстана
Ер адам полициядан қашамын деп автобуспен соқтығысып, көз жұмды
27 қазан 2026 10:53 / Новости Казахстана