Анна Данченко анасының қазасынан кейін жан сырын ақтарды

22 қыркүйек 2026 10:20 / Новости Казахстана

Танымал тележүргізуші Анна Данченко жақында өмірден өткен анасы туралы естелігін бөлісіп, әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тележүргізуші анасының қазасынан кейін көңілі босап жүргеніне қарамастан, той жүргізуге тура келгенін айтты. Оның сөзінше, шара иелері оны бірнеше ай бұрын шақырып қойғандықтан, ұсыныстан бас тартуға ыңғайсызданған.

«Жүрегің жаралы, бірақ той жүргізіп жүрсің… Біреудің қуанышын бұзуға менің құқығым жоқ. Той иелері үлкен өтінішпен жаз басында шақырып қойған еді. Бас тарта алмадым, ыңғайсыздандым», – деп жазды Анна Данченко.

Ол той барысында анасының қоңырауын күтумен болғанын да айтты. Әдетте анасы хабарласып, тамақтануын ескертіп, үйде күтіп отыратын.

«Қайта-қайта телефонға қараймын. Анам хабарласушы еді: “Тамақ ішіп жүр, мен сені үйде күтіп отырмын” деп», – деп еске алды тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары