Әнші Айдана Меденова орамалын шешті

11 қаңтар 2026 11:45 / Новости Казахстана

“КешYOU” тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова әлеуметтік желіде “Өйткені өмір” атты жаңа әнін таныстырып, орамалсыз шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл оны орамалмен көріп үйренген желі қолданушыларының назарын аударды.

Желідегілер жазба астына түрлі пікір қалдырды. Көпшілік оның өнерге оралып, шығармашылығы қайта қолға алғанына қуанса, енді бірі сырт келбетіндегі өзгерісті сөз етті.

“Айдана қызым, өте қуаныштымын, өнеріңді тастама. Бастысы, өзіңнің жүрегіңді тыңда”, “Сіз үшін қуаныштымын, керемет туындылар күтемін”, “Оралуыңызбен”, “Осылай жүргеніңіз жарасады”, “Орамалыңызды шешпейсіз деп үміттеніп едім”, “Әпкелер, ақыретіңізді дүниеге айырбастамаңыздар”, “Құран мен құр ән бір жүректе түспейді”, “Сол ризықты Алла орамалмен де беретін еді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбірі бұл видеоны ескі болар деп топшылады. Алайда әншінің өзі бұл өзгеріс жайлы ештеңе айтпады.

Серіктес жаңалықтары