Ақмола облысында әйел бұрынғы күйеуін қайшы тығып өлтірді

4 тамыз 2025 17:30 / Новости Казахстана

Ақмола облысында ұрыс-жанжалдың соңы қайғылы қазамен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар кездесіп, арада жандал туады. Ер адам экс-әйелін балағаттап, оған қол көтереді. Әйел ашуға булығып, ер адамды қайшымен жарақаттайды. Жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Сот барысында әйел кінәсін мойындады. Ал марқұмның туыстары әйелге кешіріп беріп, моральдық зиян өндіруден бас тартты. Экс-күйеуін абайсызда өлтірген әйел 6 жылға бостандығынан айырылды.

Сот барысында белгілі болғандай, әйел бұған дейін полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымданған. Алайда полиция тарапынан тиісті әрекет жасалмаған. Қылмыс мемлекеттік тұрғын үйде болған, ал пәтер заңсыз пайдаланылған. Осыған байланысты сот полиция мен әкімдікке жеке қаулы жолдады.

 

 

Серіктес жаңалықтары