Ақмола облысында қарақшылар депутаттың үйін тонап кетті
15 шілде 2025 18:32 / Новости Казахстана
Ақмола облысында қарақшылар депутаттың үйін тонап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желіде бетперде киген екі адам аудандық мәслихат депутатының үйіне басып кіргені туралы ақпарат тарады.
Онда отбасы мүшелерін қарумен қорқытып, жертөлеге қамағаны, үйді тонап кеткені айтылған.
Ақша, алтын бұйымдар мен қол сағаттарын, сондай-ақ көлікті алып қашып кеткен.
Облыстық полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Күдіктілердің кім екенін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана