Петропавлда жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды
Петропавлда таңертең емханаға кетіп, үйіне оралмаған 74 жастағы зейнеткер белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қарт адамның жоғалғаны туралы ақпарат 9 шілдеде LIDER.KZ волонтерлер қозғалысының әлеуметтік желілерінде пайда болды. Хабарламада Пётр Иванович Земляков таңертең емханаға өз үйінен шыққаны, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткені айтылған. Емхана оның үйінен бірнеше минуттық жерде орналасқан.
Зейнеткерді бірнеше күн бойы полицейлер іздеген; іздеуге волонтерлер мен қала тұрғындары да қосылды. 13 шілдеде әлеуметтік желілерде ер адамның өлі табылғаны туралы ақпарат тарады. Ол ескі арнадағы суға батып кеткен.
Қарт адамның қала шетіндегі су қоймасына, емханадан бірнеше шақырым алыс жерге қалай тап болғаны белгісіз.
"Петропавлда 9 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен 74 жастағы тұрғынның өліміне байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. 13 шілдеде оның мәйіті қала маңындағы су қоймасынан табылды. Зорлық белгілері анықталған жоқ. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.