Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды
21 тамыз 2025 21:00 / Новости Казахстана
20 тамыз күні облыстық маңызы бар «Азат – Степногорск» автожолының 33-шақырымында ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желіде тараған бейнежазбадан екі көліктің қатты зақымданғаны байқалады. Оның біреуі кюветке түсіп кетсе, екіншісі жол жиегінде сынған күйі қалған.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына «Toyota RAV4» пен «Toyota Camry» маркалы автокөліктер қатысқан.
Апат салдарынан төртеуі жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 2013 жылы туған жасөспірім бар. Құқық қорғау органдарының дерегінше, оқиғаға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана