Ақмола облысында «Жігіт сұлтаны» анықталды
Ақмола облысында Абылай ханның 310 жылдығына, Ақан серінің 180 жылдығына және Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» байқауы мәресіне жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат егжей-тегжей жазып, жариялады.
Байқауға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 20-29 жас аралығындағы 14 жігіт қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Олар бірінші кезеңде өздерін таныстырып, өнерімен таңғалдырды, Ақан серінің, Иманжүсіп Құтпанұлының әндерін орындады. Екінші кезеңде жамбы ату, аударыспақ, гір тасын көтеру, армрестлинг және қазақ күресі сияқты спорттық сайыстарда күш сынасты.
Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы:
Бас жүлде – 500 мың теңгенің ақшалай сертификаты Павлодар облысынан келген Айбын Уахитовке берілді.
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы «Білекті жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификат Қадыр Дәуренге (Көкшетау қаласы) бұйырды.
Ақан сері Қорамсаұлы атындағы «Өнерлі жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификатты Екпін Тоқтар (Зеренді ауданы) алды.
Сұлтан Бейбарыс атындағы «Білікті жігіт» аталымы бойынша 300 мың теңге ақшалай сертификатқа Мағжан Ұзақбоев (Солтүстік Қазақстан облысы) ие болды.
ФОТОЛАР: Фото: "ҚазАқпарат" ХАА