Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтады
Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өңір диқандары өнімділік төмен болғанына қарамастан 3 млн тоннадан астам астық жинады.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, ақмолалық шаруалар үшін биылғы жыл оңай болған жоқ.
Көктемдегі ылғалдың аздығы, жаздағы құрғашылық және тамыз-қыркүйек айларындағы жауын-шашын егіннің бітік шығуына біраз кедергі келтірді.
Одан қалды, кейіктер шауып біраз егін тапталды.
Әсіресе, егін орағы кезіндегі жаңбырдан залал көп келді, 2 млн 945 мың гектардың егіні көктеп кетті.
Сол үшін үкімет тарапынан 20 мың тонна жанар-жағармай және 1 мың тонна газ бөлінді.
Осы қиындықтарға қарамастан шаруалар егін орағы науқанын уақтылы аяқтап, бар алтын астықты шашпай-төкпей жинап алды.
Облыс бойынша орташа гектар берекесі 6,4 центнерден айналды.