“Ақшасы барын білген”: Кәмелетке толмаған баланы азаптағандар сотталды

28 мамыр 2025 19:29 / Новости Казахстана

Кәмелеттік жасқа толмағандардан 20 млн теңге талап еткен 4 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана прокуратурасының мәліметінше, тергеу кезінде қылмыскерлер жәбірленушінің жақын арада шетелге кететінін және ата-анасының ақшасы туралы біліп, қастандық жасаған. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнен 20 млн теңге талап еткен.

«Суық қару арқылы олар балаға психологиялық қысым жасап қылмыскерлер 4 млн теңге алған. Топтағы екі адам жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде кезекті төлем алып жатқан жерінен ұсталды. Кейін басқалары да қолға түсті», деп мәлімдеді прокуратура.

Прокурорлар бопсалағандардың кінәсін дәлелдеді.

Олардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге материалдық залал толығымен өтелді.

Сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге моральдық залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары